Жаңалықтар

Ақпан әуреге салып тұр

Қаламыздың полиция департаменті көлік тізгіндеушілердің назарына қазіргі уақытта үш шекаралас облыста(Атырау, БҚО және Қостанай) қолайсыз ауа райы байқалатынын хабарлайды. Жоғарыдағы өңірлерде ауа температурасы күрт түсіп, қатты боран соғып тұр. Жолда көру қашықтығы да өте төмен деңгейде.

Осыған байланысты көршілес қалалар арасындағы  көлік құралдарының қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, облыстың кейбір аудандарында да  ауа райының қолайсыздығы мен аяз күшеюі байқалады.

Облыстың полиция департаменті тасжолда төтенше жағдай фактілерін болдырмау үшін көлік құралдарының жүргізушілерінен шыдамдылық танытып, шұғыл қажеттілік туындамаса, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Шолпан НҰРЛАНҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

қазақ журналистикасы мамандығының 4-курс студенті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button